Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармалар жинағы шығады

None
АЛМАТЫ. 26 ақпан. ҚазАқпарат - «Эльдани» қайырымдылық қоры мүмкіндігі шектеулі жастар шығармашылығынан  «Қарапайым адамдар арасында жүру...» деп аталатын жинақ шығармақ. 

 Мақсат - ерекше мұқтаж адамдардың өмірі туралы жағымды балама ақпараттық кеңістік құру. Ауыр өмірлік жағдайға тап болған адамдарды психологиялық және әлеуметтік  тұрғыдан қолдау. Әлем және оқиғаларды жағымды түрде қабылдауды насихаттау. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өміріне деген қоғам көзқарасын және ерекше мұқтаж адамдардың ділін, өзіне және қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгерту.

Жинақ Сорос Қазақстан қорының қаржылай және «РеНэтро» инновациялық идеялар академиясының  ұйымдастырушылық қолдауымен жарық көреді. Оған   Қазақстан Республикасы аумағында тұратын, 1-3 топтар мүгедектігінің барлық санатындағы 18 бен 30 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жастар қатыса алады.  Үміткерлер - әңгіме, очерк, эссе, сұхбат түріндегі шығармаларын 1 мамырға дейін ұйымдастырушылардың электрондық поштасына ( renetro@mail.ru )  жіберуіне болады.