Дәстүрлі фестивальдың басталуына орай бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратында баспасөз мәслихаты өтті.
Ұйымдастырушылардың бірі Гүлхан Исабаеваның айтуынша, фестивальдың мақсаты шығармашыл балаларды анықтап, талаптарын шыңдауға қолдау көрсету, қоғамда бейімделуіне қолғабыс ету, мүгедек балалардың проблемаларына қоғамның назарын аударту болып табылады.
«Жұлдызайдың» ағымдағы жылғы фестиваліне мүмкіндігі шектеулі 4000-нан астам бала қатысуға ниет білдірген. Осы күндері республиканың барлық облыс орталықтарында қазылар алқасының қатысуымен фестивальдің бірінші іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Балалар өнерлерін вокал, музыкалық аспап, хореография, шахмат, таң қалдыру және көркем сурет жанрлары бойынша ұсынуда. Бүгінгі күнге дейін Алматы қаласы мен Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан номинаттар анықталды. «Жұлдызайдың» бұдан арғы бағыты Ақтөбе, Орал, Ақтау, Өскемен, Қостанай, Көкшету, Петропавл, Павлодар және Қарағанды арқылы өтіп, 21 сәуір күні Астанада аяқталады.
Бірінші іріктеу турының нәтижесі бойынша 250 бала Көкшетау қаласындағы «Балдәурен» РОСО-да 20 күн болады. Осы жерде байқаудың екінші іріктеу кезеңі және мүгедек балалар үшін шеберлік сабақтар өткізіледі.
Фестиваль ағымдағы жылдың 1 маусымында гала-концертпен аяқталып, жеңімпаздар салтанатты жағдайда марапатталады. Гала-концертте жүзден жүйрік шыққан 500 бала өнер көрсетеді деп күтілуде.