Мұнай әлемдік экономика үшін өмірлік маңызға ие – ОПЕК бас хатшысы

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Мұнай Қазақстанды қоса алғанда әлемдегі бүкіл елдің экономикасы үшін өмірлік маңызды. Бұл туралы Kazakhstan Energy Week – 2025 және XVI Еуразиялық KAZENERGY форумында ОПЕК бас хатшысы Хайтам аль-Гайс айтты.

— Мұнай өткеніміздей болашағымыз үшін де өмірлік маңызға ие. Оны түсіну өте қарапайым. Мұнай мен мұнай өнімдері мүлдем жоқ әлемді ойлап көріңіздерші. Онда бүкіл көлік тоқтап, азық-түлік өндірілмейді. Денсаулық сақтау қызметтері тоқырап, экономикалық өсімнің нашарлайтыны сөзсіз. Мұны ойлап көрудің өзі мүмкін емес. Мұнай Қазақстанды қоса алғанда әлемдегі бүкіл елдің экономикасы үшін өмірлік маңызды, — деді ОПЕК бас хатшысы.

Мәртебелі мейман Қазақстанның мұнай қоры әлемдегі жалпы ресурстың шамамен пайызын құрайтынын айтты. 

— Әлемде мұнай мен газдың мол қоры бар екеніне ешқандай шүбә жоқ. Қазақстан Теңіз бен Қашаған сынды кен орындарын игеру арқылы болашақта маңызды рөл атқару үшін ресурсқа да, әлеуетке де ие. Елдеріңіз 30 млрд баррель мұнай рөлі бар екенін дәлелдеп отыр. Бұл әлемдік жалпы ресурстың шамамен 2 пайызын құрайды. Газ ресурстарыңыз да өңірде жақсы позицияда тұрғаны аса маңызды, — деді Хайтам аль-Гайс.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kazakhstan Energy Week — 2025 және XVI Еуразиялық KAZENERGY форумы қатысушылары мен қонақтарына арнайы үндеу жолдаған еді.