Мұнай бағасы екі апта қатарынан өсті: Brent бағасы 94 долларға жуықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Әлемдік мұнай бағасы 21 тамыз күні де төмендеген жоқ. Таяу Шығыстағы жеткізілімдерге қатысты жалғасып жатқан қауіп-қатерлерге байланысты мұнай бағасы екінші аптаны да өсіммен аяқтады, деп хабарлайды Reuters.

Фото: Midjourney

Brent маркасының фьючерстері барреліне 93,82 долларға дейін өсті. Ал америкалық WTI мұнайы барреліне 86,78 долларға аздап төмендеді.

Апта ішінде Brent 7%-дан аса, ал WTI 8%-дан аса өсті. Өсімнің негізгі қозғаушы күші АҚШ-Иран арасындағы қақтығыс. Салдарынан Таяу Шығыстың бірнеше елінен мұнай жеткізілімі шектелді.

Нарық қатысушылары Ормуз бұғазындағы жағдайды жіті бақылап отыр. Аймақтағы жүк тасымалы қақтығыс ушыққанға дейінгі деңгейден төмен қалпын сақтап тұр.

Бұған дейін әлемдік мұнай бағасы төрт аптадағы ең жоғары деңгейге жуықтағанын хабарлаған болатынбыз.