Сарапшылар Brent маркалы мұнай бағасы, Қазақстан экономикасының өсуі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты, сондай-ақ теңге бағамы бойынша болжамдарын ұсынды.
Мұнай бағасы мен экономиканың өсуі
Мұнай бағасына қатыстысценарийлік шарттар айтарлықтай өзгерген жоқ: 2026 жылға Brent маркалы мұнай бағасы бойынша күтулер біршама төмендеп, барреліне 82,7 АҚШ долларын құрады. 2027 жылға болжам барреліне 75АҚШ доллары деңгейінде сақталса, 2028 жылға арналған болжам аздап өсіп, 73,7АҚШ долларына дейін көтерілді.
Қазақстан экономикасының өсуіне қатысты болжам бүкіл кезеңде өзгеріссіз қалды. ЖІӨ өсімі 2026 жылы 4,8%, 2027 жылы – 4,6%, 2028 жылы – 4,3% деңгейінде күтіледі.
Инфляция мен базалық мөлшерлеме
Сарапшылар 2026 жылға арналған инфляцияболжамын 10% деңгейінде сақтады. 2027 жылғы болжам 7,8%-дан 8,5%-ға, 2028 жылғы болжам 6,8%-дан 7%-ға дейін өсті.
2026 жылға арналғанбазалық мөлшерлеме бойынша күтулер медианасы 16% деңгейінде сақталды. 2027 жылғы болжам 12,8%-дан13%-ға дейін өсті, ал 2028 жылғы болжамның көрсеткіші 10,6%-дан 10,5%-ға дейін біршама төмендеді.
Айта кетелік Бектенов жыл қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің кемінде 5 пайыз өсімін қамтамасыз ету қажет екенін айтқан еді.