Brent маркалы мұнайдың бағасы, Қазақстан экономикасының өсуі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты, сондай-ақ теңге бағамы – сауалнаманың негізгі параметрлері болды.
Мұнай бағасы мен экономиканың өсуі
Мұнай бағасы бойынша сценарий шарттары барлық болжамды кезеңде шамалы өзгерді. Brent маркалы мұнай бағасы 2026 жылы бір баррель үшін орташа есеппен 84,6 АҚШ доллары, 2027 және 2028 жылдары тиісінше 75 және 71,8 АҚШ доллары деңгейінде болады деп күтіледі.
Қазақстан экономикасының өсуіне қатысты болжамдар айтарлықтай өзгерген жоқ. ЖІӨ өсімінің болжамы 2026 жылға 4,8%, 2027 жылға 4,6%, 2028 жылға 4,3%-ға тең.
Инфляция мен базалық мөлшерлеме
Сарапшылардың 2026 жылға арналған инфляция бойынша болжамы 10% деңгейінде сақталды, 2027 жылға арналған болжам 8%-дан 7,8%-ға дейін жақсарды, ал 2028 жылға арналған болжам 6,8% деңгейінде сақталды.
Сарапшылардың базалық мөлшерлеме бойынша күтулері бүкіл болжамды кезеңде өзгеріссіз қалды. 2026 жылдың соңына арналған болжам 16%, 2027 жылға – 12,8%, 2028 жылға – 10,6%-ға тең.
Айта кетелік Бектенов инфляцияны 10% төмен деңгейде ұстауды тапсырған еді.
⠀