Oilprice.com мәліметінше, WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 92,65 долларға жетті. Бір күн бұрын бұл 89,57 доллар болған.
Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 102,25 доллар деңгейінде саудаланып жатыр. Бағасы 0,06 долларға немесе 0,06%-ға төмендеді.
Ресейдің Urals маркалы мұнайының бағасы барреліне 106,69 доллар болды. Бұл 3,71 долларға немесе 3,36%-ға төмен.
Reuters агенттігінің мәліметінше, бір күн бұрын Қытайдың мұнай өнімдерінің экспортын қысқарту туралы шешімі, сондай-ақ АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери әсерін күшейтуі мүмкін екені айтылған соң мұнай бағасы айтарлықтай өсті. Бұл факторлар әлемдік нарықта жанармай тапшылығы болуы мүмкін деген алаңдаушылықты күшейтті.
Осы арада Сауд Арабиясы Қызыл теңіз арқылы мұнай тасымалдауды қайта бастады.
Құбырдың жұмысы қайта жандануы Сауд Арабиясына Ормуз бұғазын айналып өтіп, Шығыс провинциядағы кен орындарынан Қызыл теңіз жағалауындағы Янбу портына дейінгі бағытты пайдалануға мүмкіндік береді. Ұзындығы шамамен 1,2 мың шақырым болатын мұнай құбыры тәулігіне 7 млн баррельге дейін мұнай тасымалдауға есептелген.