Мұнай бағасы өсіп жатыр: Brent 107 долларға жақындады

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Әлемдік мұнай бағасы Таяу Шығыстағы жағдай аясында өсіп келеді.

Фото: РИА Новости

Oilprice мәліметінше, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 106,95 долларға дейін көтеріліп, 1,59%-ға қымбаттаған.

WTI маркалы мұнайдың бағасы барреліне 93,96 долларға жетіп, 1,47%-ға өсті.

Brent және WTI мұнайының бағасы қатарынан екінші сауда сессиясында өсіп отыр. Қазір нарық АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің барысын және өңірдегі мұнай тасымалы бағыттарының қайта қалпына келу мүмкіндігін бақылап отыр.

Ал ресейлік Urals мұнайының фьючерстік бағасы барреліне 110,54 доллар болып, 2,70%-ға төмендеді.

Бұған дейін Сауд Арабиясы мұнайды Шығыс-Батыс құбыры арқылы тасымалдауды бастағаны белгілі болды. Бұл құбыр Ормуз бұғазын айналып өтіп, мұнай экспорттауға мүмкіндік беретін балама бағыт саналады.

Сондай-ақ мұнай бағасының аптадағы ең жоғары деңгейге жеткені хабарланды.