Мұнай бағасы 110 доллардан асты

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - 16 наурыздағы сауданың қорытындысы бойынша Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 2,10 долларға көтеріліп, 110,62 доллар/баррелді құрады.

Ал Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының ресми бағасы 0,80 долларға жоғарылап, 97,88 доллар/баррелді шамалады, - деп хабарлайды РБК агенттігі.

"Мұнай фьючерстері бағаларының өсуіне Жапонияның қор биржасындағы жағдай әсерін тигізіп отыр", - дейді сарапшылар. Атап айтқанда, елдің жетекші Nikkei акцияларының индексі сәрсенбі күні 5,68 пайызға өсіп, мұнай нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға сеп болған.

Оған қоса, қақтығыс жайлаған Африкадағы, оның ішінде Ливиядағы жағдай да нарыққа әсерін тигізуде.