Мұнай бағасы 2 долларға дерлік арзандады

АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - 8 наурыздағы сауданың қорытындысы бойынша Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 1,98 долларға арзандап, 113,06 доллар/баррельді құрады, деп хабарлады РБК агенттігі.

Ал Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының бағасы 0,42 долларға төмендеп, 105,02 доллар/баррельді шамалады.

Ливиядағы азаматтық соғыстың салдарынан әлемдік нарықта орын алып отырған шикізат жетіспеушілігінің орнын толтыру және «қара алтынның» аспандап бара жатқан бағасын ауыздықтау үшін ОПЕК-тің өндірісті артыру мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы ақпараттан кейін мұнай бағасы арзандап отыр.

МАГАТЭ-нің дерегі бойынша Ливиядағы азаматтық соғыстың салдарынан әлем елдері күнделікті 850 мың баррельден 1 миллион баррельге дейін мұнайды кем алып отырған көрінеді.