Мұнай бағасы 3,5 пайызға арзандап кетті

None
МӘСКЕУ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат - Кеше, маусымның 3-інде мұнай фьючерстерінің бағасы күрт төмендеп кетті.
Бір күннің ішінде биржаларда мұнай бағасы 3,5 пайызға құлдырап, сауда қорытындысы бойынша өткен аптадан бергі ең төменгі деңгейге табан тіреді. Мұнай бағасының құлдырауына АҚШ-та шикі мұнай қорының соңғы төрт аптадан бері алғаш рет артуы себеп болып отыр, дейді сарапшылар. Кешегі сауданың қорытындысы бойынша, алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің бағасы: Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін ? 2 доллар 43 центке арзандап, 66,12 доллар/баррельді құраса, Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнайдың ресми бағасы 2 доллар 29 центке арзандап, 65,88 доллар/баррельді құрады. АҚШ-тың Энергетика министрлігінің ресми ақпараты бойынша, елдегі шикі мұнайдың коммерциялық қоры өткен аптада 2,9 миллион баррельге өсті.