Мұнай бағасы 3 доллардан астамға арзандады

АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында қыркүйектің 24-індегі сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы едәуір төмендеді,

 деп     хабарлайды РБК агенттігі.

Алдағы  айда  жеткізілетін  мұнай фьючерстерінің  ресми  бағасы:  Лондон биржасында - IPE Brent Crude  маркалы  мұнай  үшін -  3,17  долларға арзандап, 64,82   доллар/баррельді құраса, Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай   үшін  - 3,08   долларға  төмендеп,  65,89  доллар/баррельді  құрады.