08:04, 10 Маусым 2009
Мұнай бағасы 3 пайызға қымбаттады
ЛОНДОН/НЬЮ-ЙОРК. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында кеше, маусымның 9-ы күнгі сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы анағұрлым қымбаттады.
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондон биржасында 1,74 долларға көтеріліп, 69,62 доллар/баррельге жетсе, Нью-Йорк биржасында 1,92 долларға қымбаттап, 70,01 доллар/баррельді көрсетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.