Мұнай бағасы 4 долларға қымбаттады

ЛОНДОН/НЬЮ-ЙОРК. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат - Кеше, сәуірдің 2-сі күні әлемдік нарықта мұнай бағасы 4 долларға көтерілді.

Сарапшылардың айтуынша, бұған Лондонда өткен G20 саммиті барысында қол жеткізілген әлемдік экономикалық дағдарыспен күрес жөніндегі бірқатар келісімдерге оң үн қатып отырған инвесторлардың көтеріңкі көңіл-күйлері негіз болып отыр. ҚазАқпарат бұл туралы «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Нью-Йорк биржасында Light Sweet Crude Oil маркалы американдық жеңіл мұнайдың мамыр айына жасалған фьючерстерінің бағасы 4,25 долларға қымбаттап, 52,64 доллар/баррельге жетсе, Лондон биржасында Brent Crude Oil маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының мамыр фьючерстерінің құны 4,31 долларға көтеріліп, 52,75 доллар/баррелді құрады.