11:27, 01 Сәуір 2009
Мұнай бағасы 50 доллардан әрі көтеріле алмай тұр
ЛОНДОН-НЬЮ-ЙОРК. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында наурыздың 31-індегі сауда қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Алдағы айдағы мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 1,24 долларға көтеріліп, 49,23 доллар/баррельге жетсе, Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін 1,25 долларға қымбаттап, 49,66 доллар/баррельді құрады. Мұнай бағасының оң динамикасына мұнай фьючерстерінің техникалық сатып алулары негіз болып отыр. Наурыздың 30-ында биржаларда мұнай бағасы күрт құлдырап, баға соңғы екі аптаның ішінде алғаш рет рет нарық үшін маңызды 50 доллар/баррель психологиялық межеден төмен түсіп кетті.
Мұнай фьючерстерінің бағасы бір күнде орта есеппен 7,6 пайызға түсіп, ал мұнай баррелі 4 долларға дерлік арзандады, бұл мұнайдың жедел рыногы үшін өткен айдағы ең қомақты арзандау болды. Дегенмен, мұнай бағасы әлі де арзандай түсуі мүмкін. Бүгін түнде Американың Мұнай институтының баяндамасы жария етілді. Құжатқа сәйкес, АҚШ-та шикі мұнайдың коммерциялық қоры наурыздың 20-27-сі аралығында 3,3 миллион баррельге артқан.