Мұнай бағасы 50 доллардан асты

ЛОНДОН/НЬЮ-ЙОРК. Сәуірдің 25-і. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында кеше, сәуірдің 24-інде өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы біршама қымбаттады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 1,56 долларға қымбаттап, 51,67 доллар/баррельді құраса, Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін - 1.93 долларға қымбаттап, 51,55 доллар/баррельге жетті. Мәмілелер бойынша бағаның оң динамикасын техникалық факторлар мен арзандаған америка доллары қамтамасыз етіп отыр. АҚШ валютасы жетекші әлемдік валюталарға қатысты арзандауын жалғастыруда.