Мұнай бағасы 60 доллардан төмендеп кетті

ЛОНДОН-НЬЮ-ЙОРК. Шілденің 11-і. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында кеше, шілденің 10-ы күні өткен сауданың қорытындысы бойынша, мұнайдың әлемдік бағасы біршама арзандады,

деп   хабарлайды ҚазАқпарат     РБК  агенттігіне  сілтеме  жасап.

Алдағы айдағы жеткізілетін мұнай фьючерстерінің  ресми   бағасы: Лондон биржасында - Brent Crude  Oil маркалы мұнай  үшін -  0,58 долларға арзандап, 60,52  доллар/баррельді құраса,    Нью-Йоркта  - Light, Sweet Crude Oil  маркалы мұнай  үшін -   0,52 долларға арзандап,   59,89 доллар/баррельді  құрады.