Ал Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 1,66 долларға көтеріліп, 75,41 доллар/баррелді шамалады.
«Қара алтын» АҚШ Энергетика министрлігінің соңғы баяндамасынан кейін қымбаттап отыр. Соңғы деректерге сүйенсек, мамырдың 22-28-і аралығындағы аптада АҚШ-та шикі мұнайдың коммерциялық қоры, сарапшылар күткендей 1 миллион баррельге емес, 1,9 миллион баррельге төмендеп, 363,2 миллион баррелді құрап отыр.