Мұнай бағасы 75 доллар/баррельге жетті
10:15, 09 Шілде 2010
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - 2010 жылғы шілденің 8-індегі сауданың қорытындысы бойынша Нью-Йорк биржасында Light Sweet маркалы мұнайдың ресми бағасы 1,37 долларға қымбаттап, 75,44 доллар/баррельге жетті,
деп хабарлайды РБК агенттігі
InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электрондық тауарлы биржада Brent мұнайының ресми бағасы сауда қорытындылары бойынша 1,20 долларға қымбаттап, 74,71 доллар/баррельге жетті.