деп хабарлайды «РосБизнесКонсалтинг» агенттігі.
Нью-Йорк биржасында Light Sweet маркалы мұнай баррелінің бағасы 1 доллар 8 центке көтеріліп, дүйсенбі күнгі сауда 79 доллар 61 цент деңгейінде аяқталды.
Ал Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 78 центке қымбаттап, 77,77 доллар/баррельді құрады.
Сарапшылардың пікірінше, қыс мезгілінде мұнайдың бағасы 80 доллардың төңірегінде сақталады, тіпті одан әрі көтерілуі де мүмкін. Барлық жағдай мұнай нарығында маңызды роль атқаратын Қытай экономикасының тұтынысына байланысты болмақ, дейді сарапшылар.