Мұнай бағасы 80 доллардан асты

None
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Ақпанның 22-сіндегі сауданың қорытындысы бойынша жетекші мұнай биржаларында мұнайдың әлемдік бағасы тағы көтерілді.

Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 0,42 долларға көтеріліп, 78,61 доллар/баррельге жетсе; Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін - 0,35 долларға қымбаттап, 80,16 доллар/баррельге жетті.

Осылайша, мұнай бағасы 80 доллардан асты.