деп хабарлайды РБК агенттігі.
Сарапшылардың атап көрсетуінше, мұнай бағасының төмендеуіне Исландиядағы жанартаудың атқылауы салдарынан Еуропаға авиациялық отынға деген сұраныстың төмендеуі себеп болып отыр. Олардың пікірінше, бұл фактор мұнай бағасы қысқа ғана мерзімге әсер етуі мүмкін, түтін сейілген соң, баға қайта қалпына келуі ықтимал.
Естеріңізге сала кетейік, Еурокомиссия кеше ұшу сапарларын жартылай жандандыру туралы шешім қабылдады. Қабылданған шешімге сәйкес, барлық еуропалық кеңістік жанартау күлінің атмосферадағы құрамына қатысты үш аумаққа бөлінетін болады. Тәуекел деңгейлеріне байланысты әр аумаққа арнап ұшу кестесі әзірленбек.