Мәскеу уақытымен 20:52-де солтүстіктеңіздік Brent маркалы мұнай қоспасының мамырдағы фьючерстері 0,61 пайыз өсіп, баррелі 41,45 доллар болды. WTI маркалы мұнайдың мамыр фьючерстерінің бағасы 0,92 пайызға артып, баррелі 41,52 долларға жетті.
Baker Hughes, есебіне сәйкес өткен аптада американдық компаниялардың мұнай бұрғылау қондырғыларының саны 2015 жылдың соңынан бері алғаш рет 0,26 пайызға, яғни 387 данаға өсті. Соңғы 12 апта бойы бұрғылау қондырғыларының саны қысқарып келген болатын.
Сарапшылар бұрғы саны артқанмен, таяудағы апталар мен айларда АҚШ-та мұнай өндіру шұғыл қысқарады деген болжам жасауда.