18:11, 07 Мамыр 2009
Мұнай бағасы алты айдың ішінде алғаш рет 54 доллар межесінен асты
МӘСКЕУ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат – ОПЕК мұнай «қоржынының» бағасы соңғы алты айға жуық мерзімнің ішінде алғаш рет барреліне 54 доллардан асты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Мамырдың 6-сындағы жағдай бойынша ОПЕК «қоржыны» 1,38 долларға қымбаттады, ал оның ресми бағасы барреліне 54,07 долларды құрады ? бұл 2008 жылғы қарашаның 10-ынан бергі ең жоғары көрсеткіш.