10:54, 21 Сәуір 2009
Мұнай бағасы анағұрлым арзандады
НЬЮ-ЙОРК. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күнгі сауданың қорытындысы бойынша мұнай бағасы анағұрлым арзандады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Нью-Йорк биржасында американдық жеңіл мұнай баррелінің бағасы 4,45 долларға арзандап, 45,88 доллар/баррельді құрады. Сарапшылардың пікірінше, бұл қор нарықтарының әлсіздігі мен доллардың күшеюі әсерінен болып отыр.