Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында қаңтар айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,04 долларға арзандап, барреліне 70,96 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың желтоқсан айындағы фьючерстерінің бір баррелі 1 долларға төмендеп, 60,67 долларға жетті.