Мұнай бағасы барреліне 45 доллардан төмендеп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонның ICE  биржасындағы электронды саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендей түсті, деп хабарлайды «Российская газета».

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркілі мұнайдың тамыз айындағы жеткізілімі 2,54 процентке құлдырап, барреліне $44,85 доллар болды.

Соңғы рет мұнай бағасы 2016 жылғы 15 қарашада 45 доллардан төмен болған.