Мұнай бағасы біршама арзандады
09:35, 05 Маусым 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында дүйсенбі күні болған сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы біршама төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауда-саттық нәтижесінде, тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 1,5 долларға төмендеп, баррелі 75,29 доллар болған.
WTI маркілі мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 1,06 долларға кеміп, баррелі 64,75 долларды құрады.