Мұнай бағасы едәуір төмендеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы едәуір төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 2,4 долларға төмендеп, баррелі 62,82 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) тамыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 2,84, долларға арзандап, бір баррелі 56,25 доллар болды.

Авторы: Асхат Ахметбеков