Мұнай бағасы қатты арзандап кетті

ЛОНДОН-НЬЮ-ЙОРК. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Бейсенбі, шілденің 2-сі күні әлемдік нарықтардағы мұнай бағасы қатты арзандап кетті, сарапшылардың пайымдауынша, оған әлемдік экономиканың қалпына келу үдерісіне кедергі келтіруі мүмкін АҚШ-тағы еңбек нарығының жағдайы туралы көңіл көншітпей отырған мәліметтер себеп болып отыр,

 деп   хабарлайды ҚазАқпарат   Utro.ru сайтына  сілтеме   жасап.

Нью-Йорк   биржасында   Light Sweet Crude Oil маркалы  мұнайдың  тамыз айындағы  фьючерстерінің     құны   2,58   долларға арзандап,   66,73 доллар/баррельді құрады.

Ал  Лондон биржасында Brent Crude Oil  мұнайының    тамыз   айына жасалған  фьючерстерінің  бағасы, кешегі сауданың  қорытындысы  бойынша,   2,14 долларға арзандап,  66,65 доллар/баррельге  дейін құлдырады.