Мұнай бағасы қайта қымбаттады

СТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Наурыздың 16-сындағы сауданың қорытындысы бойынша жетекші мұнай биржаларында «қара алтынның» бағасы едәуір қымбаттады.

Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы туралы айтар болсақ, Лондон биржасында IPE Brent Crude маркалы мұнайдың бағасы 1,13 долларға қымбаттап, 79,02 доллар/баррельге жетсе; Нью-Йорк биржасында Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың бағасы 1,90 долларға қымбаттап, 81,70 доллар/баррельді құрады, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Нарыққа әсер етіп отырған негізгі фактор - бүгін, наурыздың 17-сінде Венада өтетін ОПЕК мәжілісінен көп үміттің күтілуі. Бүгінгі отырыста мұнай өндіру квотасы бұрынғы деңгейге қалдырылуы мүмкін деген болжамдар айтылуда.