Мұнай бағасы қайта төмендеді

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Мұнай бағасы қайта төмендеді. Нью-Йорк сауда биржасында өткен кешегі сауданың қорытындысы бойынша Light Sweet маркалы мұнайдың ресми бағасы 0,91 долларға арзандап,

96,97 доллар/баррелді құраса, Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 0,34 долларға төмендеп, 111,80 доллар/баррелді шамалады. Бұл туралы РБК агенттігі хабарлайды.