Мұнай бағасы құлдырап барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларында әлемдік мұнай бағасы құлдырап барады, деп хабарлады Gazeta.ru.

WTI маркалы мұнайдың бір баррелі үшін мамыр фьючерстері Нью-Йорк тауарлы биржасында (NYMEX) 1,39%, яғни $39,80 дейін төмендеді.

Лондондық ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі үшін маусымда жеткізілетін фьючерстері 0,42%, яғни $42,92 дейін арзандады.