Мұнай бағасы өсіп жатыр

АСТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат - Тамыздың 5-індегі сауда қорытындысы бойынша, мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы тағы өсті,

деп  хабарлайды ҚазАқпарат   Utro.ru сайтына  сілтеме  жасап.

Лондон биржасында     Brent Crude Oil маркалы мұнайдың бағасы   1,23 долларға   қымбаттап,   75,51 доллар/баррельге жетсе,   Нью-Йорк  биржасында  Light Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың бағасы   0,55 долларға көтеріліп,   71,97 доллар/баррельді құрады.