ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Лондонның ICE биржасында желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 5,04% өсіп, бір баррелі - 41,25 доллар болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл жайында сауда алаңының мәліметтерінен белгілі болды.
Сонымен қатар, WTI маркалы мұнайдың бағасы 5,38% қымбаттап, бір баррелі 39,35 доллардан саудаланып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Ұлттық банкі мұнай бағасының құлдырауы ұлттық валютаны әлсіреткенін және ол нарықтың бұдан былайғы перспективалары мен көмірсутекке сұранысына қауіп төндіретінін мәлімдеген болатын.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.