Мұнай бағасы рекордқа бет алды

АСТАНА. Тамыздың 22-сі. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында тамыздың 21-інде өткен сауда-саттықтың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы тағы да көтерілді. Алдағы айдағы мұнай фьючерстерінің ресми бағасы:

 -  Лондон биржасында - IPE Brent Crude  маркалы мұнай  үшін - 0,86 долларға   қымбаттап,  74,19 доллар/баррельді  құраса;

 - Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай  үшін - 0,98 долларға қымбаттап, 73,89 доллар/баррельге жетті. Осылайша,     Нью-Йорк тауарлы  биржасындағы  сауданың   қорытындысы     ағымдағы жылы  рекорд   орнатып  отыр.

 Мұнай бағасының   өсуіне  FOREX нарығында  еуроға және  басқа  да   жетекші әлемдік валюталарға  қатысты  доллар бағамының  шамалы  төмендеуі,  сондай-ақ    Еуропада акциялар нарығындағы      жағдайдың  тұрақтылығы    себеп.

 Бағаның  өсуіне  «терең құлдыраудан кейін   әлемдік  экономиканың  беті  бері  қарай бастағанын»  мәлім еткен  АҚШ-тың  Федералдық    резервтік  жүйесінің басшысы  Бен Бернанке  де  өз үлесін қосып   отыр.