Мұнай бағасы сәуірден бергі барынша жоғары апталық өсімді көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Brent мұнайының бағасы сәуірден бергі ең жоғары апталық өсімді көрсетті. Бұл қыркүйекте өтетін ОПЕК мүшелерінің бейресми кездесуі күтілуі жағдайында орын алды.

Қыркүйекте өтетін ОПЕК мүшелерінің бейресми кездесуі күтілуі жағдайында Brent мұнайының бағасы сәуірден бергі ең жоғары апталық өсімді көрсетті, деп жазады  Financial Times.

Brent мұнайының баррелі 46,8 долларға бағалануда, бұл бұдан бұрынғы сауда-саттық бағасынан 1,65% жоғары және үш аптаның ішіндегі ең жоғары өсім болды. Апта ішінде мұнай 2,5 долларға қымбаттады. Соңғы рет мұндай межеге сәуірдің соңында қол жеткізілген болатын.

Американдық WTI сорты 1,85%-ға қымбаттап, баррелі 44,3 долларға жетті, бейсенбі күні оның бағасы бірден 4,3%-ға жоғарылады.

Соңғы 48 сағаттың ішінде мұнай бағасының өсуі Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл-Фалихтың корольдік мұнай нарығын тұрақтандыруға көмектескісі келетіні туралы мәлімдемесінен кейін байқалды. Бұдан бұрын ОПЕК Алжирде 26-28 қыркүйек күндері өтетін Халықаралық энергетикалық форум ауқымында бейресми кездесу өткізуді жоспарлап отырғаны белгілі болды, деп жазады РБК.

Өткен аптада мұнай нарығы АҚШ-та бензин қорының ұлғаюы жағдайында шілдеде қол жеткізілген барынша жоғары деңгейінен 20 пайызға төмендеген жаңа фазасына енді.