Мұнай бағасы тағы арзандады

None
АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - Тамыздың 12-сіндегі сауданың қорытындысы бойынша, «қара алтынның» әлемдік бағасы тағы бірер долларға арзандап отыр, деп хабарлайды РБК агентті.

Атап айтқанда, Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 2,12 долларға төмендеп, 75,52 доллар/баррельді құраса, Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының ресми бағасы 2,28 долларға төмендеп, 75,74 доллар/баррельді шамалады.