Мұнай бағасы тағы да көтерілді

АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында шілденің 27-ісі өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы көтерілді.

Алдағы  айда  жеткізілетін  мұнай  фьючерстерінің   ресми бағасы:

- Лондон биржасында   - IPE Brent Crude  маркалы мұнай  үшін - 70,81 ( 0,49) доллар/баррельді;

- Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай  үшін - 68,38 ( 0,33) доллар/баррельді құрады.