деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы:
- Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 2,22 долларға қымбаттап, 74,59 доллар/баррельге жетсе, Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін - 3,23 долларға қымбаттап, 72,42 доллар/баррельді құрады.
Бағаның өсуі АҚШ Энергетика министрлігінің баяндамасымен байланысты, құжатқа сәйкес АҚШ-та тамыздың 8-14-і аралығында шикі мұнайдың коммерциялық қоры 8,4 миллион баррельге қысқарып, 343,6 миллион баррельді құрап отыр. Бұл көрсеткіш есеп беру апталығында мұнай қорының 1,3 миллион баррельге өсетіндігі туралы талдаушылардың болжамынан басқашалау.
Стратегиялық мұнай резервінің қоры өткен аптада өзгермеген, бұрынғысынша 724,1 миллион баррельді құрап отыр.