Мұнай бағасы тағы түсе бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондық биржада Brent маркалы мұнайға баға жұма таңертең барреліне 65,31 долларға дейін түсті, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Өткен дүйсенбіде мұнай бағасы алғаш рет өткен жылдың желтоқсанынан бастап барреліне 67 доллар деңгейін еңсеріп, жылдық ең көп деңгейге жетті.

Бұл баға түзетуді сарапшылар 2015 жылы америкалық тақтатас мұнайының көп өндірілетіні жайлы болжаммен байланыстырады.

Ресей бюджетінің қолданыстағы редакциясына мұнай құны барреліне 50 доллар деп енгізілді. Бұл ретте энергоминистрлігі Brent баррелінің орташа құны осы жылы шамамен 60 долларды құрайды деп болжайды.