«Біз мұнайдың төмен бағалары қайта жоғарылауымен алмасатын әлемде өмір сүріп отырмыз. Шын мәнісінде оның бағасы ең төменгі межесіне жетті деп санаймын», - деді Андюран.
Оның пікірінше, ағымдағы жылы мұнай бағасының баррелі 50 долларға дейін, ал 2017 жылы - барреліне 70 долларға дейін өседі.
Андюран биылғы жылы мұнай бағамының өсу себебі ОПЕК-ке кірмейтін елдерден жеткізілімдердің қысқаруы болмақ, деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ 2018 жылы мұнай бағамы барреліне 100 долларға дейін өсуі мүмкін, деген болжам айтты, деп жазады РИА Новости.