"Мұнайдың импорт-экспорт динамикасына қарайтын болсақ, 2012 жылмен салыстырғанда былтыр мұнай экспортының көлемi аздап төмендеген. Бұған былтыр сыртқа шығарылатын қазақстандық мұнай бағасының 2 пайызға төмендеуi себеп болып отыр. Мұнай мен газ Қазақстанның сыртқы саудасының 60-70 пайызын құрайтынын ескерсек, оның тек 2 пайызға төмендеуi Қазақстанның жалпы экспорттық пайдасын 1,2 млрд. долларға азайтып жiбердi", - деп атап өттi ол.
Оның айтуынша, экспорттық пайда кемiгенiмен, Кедендiк Одақ елдерi арасында сауда көлемi жылдан жылға серпiндi түрде артып келедi.