Мұнай экспорттаудың қосымша бағыттары бойынша жұмыс күшейеді – министр
АСТАНА. KAZINFORM – Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай экспорты не себепті азайғанын түсіндірді.
- Апатты жағдай мұнай экспортын азайтатыны түсінікті. Мұнай экспортының 80 пайызы Каспий құбыры арқылы жөнелтіліп жатыр. Болған апаттар кері әсерін тигізді. 3,6 млн тонна мұнай тасымалын азайттық, - деді Е. Ақкенженов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, Мұнайдың 80 пайызы Каспий құбыры арқылы экспортқа шығарылып жатыр.
Оған қоса, «Атырау – Самара» бағытында 8,8 млн тонна мұнайды тасымалдау қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ Қазақстан-Қытай мұнай құбыры арқылы да экспорт болады.
- Мұнайды экспорттаудың қосымша бағыттары бойынша ауқымды жұмыс жүріп жатыр, - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 18 қаңтарда Теңіз кен орнында өрт болып, 450-ден аса жұмысшы эвакуацияланған еді.
26 қаңтардла Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданғаны хабарланды.
Сонымен қатар, Энергетика министрлігі желтоқсан айында КҚК теңіз терминалы арқылы мұнай жөнелту көлемінің уақытша төмендегенін растады.