«Мен бұның алдында біздің мұнай өндіруіміз барысындағы «энергетикалық каннибализм» туралы айтып едім. Яғни, біз мұнай өндіру үшін көптеген энергия жұмсап жатырмыз. Жалпы, «energy returned on energy invested», яғни «жұмсалғанның орнына алынған энергия» деген ұғым бар. Мысал ретінде айта кетейік, алғаш рет мұнай өндіріле бастағанда 1 бөшке мұнаймен 300 бөшке мұнай алуға болатын еді. Ал қазір 1 бөшке мұнаймен 15-20 бөшке мұнай ғана алуға болады. Міне, бәсекеге қабілетті болу үшін осыған баса мән беруіміз керек», - деді В. Школьник.
Сонымен қатар, министр энергия тиімділігіне қатысты мәселеге де назар аударды.
«Біздің елімізде жылына пайдаланылатын энергия 65 млн. тонна мұнайдың эквивалентіне тең. Яғни, энергияға жұмсалатын шығынның өзі 65 млн. тонна мұнаймен тең деген сөз. Ал осының 27-і пайызы - біздің энергия үнемдеудегі ресурсымыз болуы тиіс еді. Мінеки, қандай әлеует? Біз қатарынан көрінгіміз келетін дамыған отыз елдің энергия қамтымдылығы да оңтайлы. Мәселен, Германия ішкі жалпы өнімдегі 1000 доллар үшін 0,12 тонна мұнай шығындайды. Ал біз үшін бұл 0,42 тонна, Ресейде 0,35, АҚШ-та 0,17 тоннаға тең», - дейді Владимир Школьник.