Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды

None
АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Exxon Mobil Kazakhstan» компаниясының өкілдерімен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында корпорацияның жаңадан тағайындалған бас менеджері Майк Крус таныстырылды.Тараптар мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, атап айтқанда, «Exxon Mobil» компаниясының кен орындарын игеру жөніндегі қазақстандық жобаларға қатысуы және компанияның еліміздегі қызметін дамытудың перспективаларын талқылады.К.Мәсімов мұнай-газ саласында жоғары жергілікті үлес бар озық технологиялы өндіріс орнын құрудың қажеттілігіне айырықша назар аударып, ҚР Үкіметі мұндай жобаларды іске асыруға көмек көрсетуге әзір екенін жеткізді.