Мұнай коксын қыздыру бойынша өндіріс «Павлодар» АЭА аумағында құрылады

None
ПАВЛОДАР. 18 наурыз. ҚАЗАҚПАРАТ - «Павлодар» жаңа арнайы экономикалық аймақтың алғашқы жобасы бүгін облыс әкімі Ерлан Арын жүргізген кеңесте қаралды, деп хабарлады оның баспасөз қызметі.

«УПНК-ПВ» ЖШС мұнай коксын қыздыру бойынша өндірісті құруға кірісті, деп ақпарат берді оның директоры Нағашыбек Әубәкіров және «Павлодар» АЭА басқарушы компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Марат Байғожин.

Зауыттың қуаттылығы - жылына 280 мың тонна кокс өндіру. Ол отандық шикізаттан қазақстан алюминийін өндіру барысында қолданылатын электродтар шығару үшін қажет. Кәсіпорынды іске қосу 2014 жылдың бірінші тоқсанына көзделіп отыр.

Жоба ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы бойынша орындалуда, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен мақұлданған және 2011-2014 жылдардағы ҚР Индустрияландыру картасына енгізілген.

Бүгінде АЭА аумағында 43 қатысушы тіркелген. «Каустик», «УПНК ПВ», «Композит» ҒӨБ, «Күкірт қышқылы зауыты» кәсіпорындары құрылыс салуға биыл кірісіп кетуге де дайын. Осы төрт жобаны 2014-2017 жылдары орындау өңірге 478 жаңа жұмыс орындарын құрумен, 21 млрд. теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Іске қосуға жоспарланып отырған қалған жобалар инвестицияларының көлемі 218 млрд. теңгеге бағаланады.

Жалпы «Павлодар» АЭА-ның аумағында жоғары еңбекақы төлемімен 3300 жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде, бюджетке жыл сайынғы түсім 1,3 млрд. теңгеге дейін артады, деді М. Байғожин.