«Теңізшеврйол» ЖШС-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Жылыой ауданының белсенділері Құлсары қаласының тұрғындары үшін ауыз су жеткізіп беруді сұраған. Осыған байланысты компания 24 мың литр бөтелкеге құйылған су бөлген.
«Оның ішінде 6 мың бөтелке балалар, әйелдер мен егде жастағы адамдар орналасқан эвакуациялық пункттерге жеткізіледі. Белсенділер Құлсары қаласының тұрғындарынаа су таратады», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Жылыой ауданының белсендісі Раиса Телеубаеваның айтуынша, компания тасқын судан зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындарына бірнеше рет көмек көрсеткен.
«Біз тұрғындардың ауыз су тапшылығына ұрынбағанын қалаймыз. Компанияның демеушілігімен жеткізілген суды көп балалы отбасыларға, қарттарғаы, барлық тұрғындарға жеткізіп береміз», - дейді Раиса Телеубаева.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Құлсары тұрғындары лайланған ауыз су үшін тарифтің 50 пайызын ғана төлейтінін хабарлаған едік.