Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.
«Олардың жетеуі ҚХР-дағы ірі Sinopec мұнай-химиялық компаниясының, екеуі қалалық өнеркәсіптік даму экономикалық-технологиялық аймағының қызметкерлері», - деп нақтылады Синьхуа.
Қазіргі уақытта келеңсіз жағдайдың орын алуына мұнай құбырында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде мұнайдың сыртқа жылыстауы себеп болған деп болжанып отыр. Ірі технологиялық апаттың орын алу себептерін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.