«Норвегиялық экономика дағдарысқа ұшырамады, алайда бізде бұрынғыдан көрі үлкенірек мәселелер бар», - деді Солберг.
Министрлер кабинеті басшысының пікірінше, Норвегия экономикасына жаһандық экономикадағы жағдай мен шикізат бағасының арзандауы әсерін тигізіп отыр.
«Біз сенімді жұмыс орындарын құру мақсатында экономиканы әртараптандыру және көміртек бөлудің азаюымен экономикалық өсімді біріктіру арқылы қауіп-қатерлерге қарсы тұрамыз», - деп атап өтті Норвегия премьер-министрі.
«Жасыл экономикаға көшуді жүзеге асырамыз, ғылыми зерттеулерге, білім беру мен логистикаға көп көңіл бөлетін боламыз», - деп түйіндеді Столберг.